Оқыс оқиға

Зектілері

Әскерден мүгедек болып оралған сарбаз Ербаян Мұхтар емделу үшін Стамбұлға ұшып кетті

Жарияланған күні:

Стамбулға шыққан ұшақ
Ұшақ. Фото: facebook.com/inga.imanbay

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар емделу үшін Стамбұлға аттанды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Ербаян Стамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді

Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі.

Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде әйел адам әскери борышын өтеуге кеткен ұлының мүгедек болып оралғанын айтты. Жағдайға Ұлттық ұланының баспасөз қызметі түсініктеме берген болатын.

"Қатардағы Мұхтардың басынан жарақат алу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу барысы ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

Артынша Қорғаныс министрлігі әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жарақат алу оқиғасына байланысты ресми хабарлама жариялады.

Сонымен бірге бұл жағдайға пікір білдірген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаздың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2166745-askerden-mugedek-bolyp-oralgan-sarbaz-erbaian-muhtar-emdelu-ushin-stambulga-ushyp-ketti/