jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тұрғын үй кешенінде лифтіде астаналық әйелдің басына плитка құлап кетті: қылмыстық іс қозғалды

    Астанада үйдің подъезіндегі қасбет құлады
    Астанада үйдің подъезіндегі қасбет құлады. Фото: t.me/astanovka98

    Бүгін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамның басына плитка құлап, ол алған жарақатынан ауруханаға түсті. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Бүгін таңертең елордадағы тұрғын үй кешенінде әйелдің басына лифт сыртындағы плитка құлады. Тұрғынның миы шайқалып, ауруханаға жатқызылды.

    Елордалық полиция департаменті бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Полиция қызметкерлері әйелдің үстіне кафель плиткасының құлауы бойынша қылмыстық іс қозғады, 27 қыркүйекте сыртқа шығып бара жатқанда лифттің беткі қабатындағы плитка опырылып түскен. Елорда тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Лифтке қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, соның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады", - делінген ведомство жауабында.

    Былтыр мамыр айында Жамбыл облысында қатты дауыл болып, ғимараттың шатырын жұлынып, өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған болатын. 57 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.

    Тұрғын үй кешенінде лифтіде астаналық әйелдің басына плитка құлап кетті: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.