jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бангкок маңында балалар мінген мектеп автобусы өртеніп кетті: 25 адам қаза тапты

    Өртке оранған автобус
    Өртке оранған автобус. Фото: thaipbs.or.th

    Таиландта мұғалімдер мен оқушылар мінген екі қабатты автобус өртеніп кетті. 20-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым мәліметінше, Бангкоктың шетінде оқушылар мен мұғалімдер мінген мектеп автобусы экскурсия кезінде өртеніп кеткен.

    Балалар жергілікті тарихи саябақта бір күндік мектеп саяхатында болған. Автобуста 38 бала мен 6 мұғалім болған.

    Болжам бойынша, 44 адамның 25-і қайтыс болған, жергілікті биліктің мәліметінше, 16 бала мен үш мұғалім ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Еске салайық, биыл Алматыда автобус өртенген еді.

    Алатау ауданының құтқарушылары Қарасу ықшамауданында автобус жанып жатқаны туралы хабарламаға шықққан. Құтқарушылар сағат 11:53-те келіп жеткен, автобус салонында жолаушылар болған жоқ. 10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12:00-де сөндірілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.