jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте екі жасар бала басына "горшок" киіп шеше алмай қалған (видео)

    Кішкентай бала
    Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бейсенбі, 3 қазанда Шымкентте құтқарушылар басына "горшок" киіп алған балаға көмекке келді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шымкентте екі жасар бала абайсызда басына өзінің "горшогын" киіп, өздігінен шеше алмаған.

    Содан кейін ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларын шақыруға тура келген. Мамандар аспалы құралдардың көмегімен баланың басынан "горшокты" абайлап шешіп алған.

    Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларына баскөз болып, оларды ерекше назарда ұстауды сұрады.

    Дәл осындай жағдай бұған дейін Астана қаласында болды. 16 қыркүйекте елордада ТЖМ құтқарушылары басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп өздігінен шеше алмаған балаға көмектесті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.