jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

    Хали Хайрат
    Хали Хайрат. Фото: telegram.org/qr_tjm

    6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.

    "Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады!", - делінген хабарламада.

    Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

    Еске салсақ, кеше өрт сөндірушілердің Қазақстанның екі облысында құрғақ шөптің жануын сөндіріп жатқаны туралы хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.