jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында шахтада екі кенші көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға түсті

    кен орны
    Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағанды облысындағы "Саяқ-3" шахтасында қайғылы жағдай болып, екі кенші қаза тапты. Бұл туралы "Қазақмыс" компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Компанияның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, шахтада көміртегі газы бөлінген.

    "Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды.

    "Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

    Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

    Қайғылы жағдайға Еңбек инспекциясы департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

    "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау өкілінің, сондай-ақ жұмыс берушінің өкілдерінің қатысуымен "Балқашцветмет" – ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС (Саяқ кеніші) қызметкерлерімен болған топтық жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Арнайы тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталады.

    Қарағанды ​​облысы полиция департаменті өкілдері "Саяқ-3" кенішіндегі төтенше жағдайға байланысты абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

    Қарағанды облысында шахтада екі кенші көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.