jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қарқаралыдағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады

    Аурухана
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Кazinform.

    Зардап шеккендер келіп түскен орталық басшысы оларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

    "Қарқаралы ауданының Шөптікөл ауылының маңында дала өртінің салдарынан төрт адам зардап шекті. Төртеуі де Қарқаралы аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Содан кейін олар бізге, Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы тұрақты", - деді Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Төлеубаев.

    Еске салсақ, кеше өрт сөндірушілер Қазақстанның екі облысында құрғақ шөптің жануын сөндіріп жатқаны туралы хабарлаған едік.

    Ал бүгін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат қаза тапқаны мәлім болды.

    Қарқаралыдағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.