jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысындағы өрт аумағы жеті есе ұлғайды

    Қарағанды облысындғы орман өрті
    Қарағанды облысындғы орман өрті. Видеодан кадр: ТЖМ

    Қарағанды ​​облысындағы өрт аумағы жеті есеге ұлғайып, бір тәулікте 21 мың гектарға жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

    Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша өрт аумағы – 21 000 га.

    "Өртті сөндіруге барлығы 401 адам, ТЖД-ның 68 техникасы, үш ұшқышсыз ұшатын аппараты және екі МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды", - деді Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

    Ал бүгін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

    Сонымен қатар Павлодар облысында Қарағанды облысынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен дала өртін сөндіру жалғасып жатқаны белгілі болды. Облыста өрт шалған жердің ауданы шамамен 6 мың гектарға жеткені хабарланды.

    Қарағанды облысындағы өрт аумағы жеті есе ұлғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.