jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жетті

    Қарағанды облысындағы орман өрті
    Қарағанды облысындағы орман өрті. Видеодан кадр: ТЖМ

    ТЖМ өкілдері Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру бойынша сағат 18:30-да жаңа мәлімет жариялады. Екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жетті, деп хабарлйды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, Табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі  елді мекендеріне қауіп жоқ.

    Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында.

    Далалық өрт сөндіру штабтары жұмысын жалғастырып жатыр, ол жерде ТЖД басшылығы бар.

    Ашық аумақта алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр.

    Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 бірлік техника, ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылуда. Табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар 4 жауынгерлік учаскеге бөлінді.    

    Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 30 рет 50-ден астам тонна көлемінде су төкті.

    Ұлттық ұлан, Кувский орманшылығынан, жергілікті атқарушы органдардан, Қарағанды және Ақмола облыстары ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

    "Қарқаралы ауданында 2 бірлік жылжымалы тамақтану пункті дайындалды, азық-түлік және заттай жарақтар қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Қарағанды облысы ТЖД 8 721 2 51 72 23 жедел желі телефоны жұмыс істейді.

    Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың га құрады", - делінген хабарда.

    Екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.