jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қарағанды және Павлодар облыстары аумағындағы өрт: зардап шеккен бесінші адам ауруханаға түсті

    Емдеу аппараты
    Емдеу аппараты. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Қарағанды облысы аумағындағы ірі өртте зардап шеккен бесінші адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Науқас жеткізілді, денесін 35 пайыз күйік шалған. Жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Барлығы 5 науқас бізде жатыр. Барлығын қажет ем-шаралар қолданылып жатыр", - дейді Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Түлеубаев.

    Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

    Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

    Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

    7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

    8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады.

    Прокуратура өкілдері Қарқаралы ауданында өртке байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасаған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.