jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қорқып, жылады": Шымкентте екі жасар бала көлікте қамалып қалған (видео)

    Баланы құтқару сәті
    Баланы құтқару сәті. Скриншот: instagram.com/help_shym

    Шымкентте құтқарушылар көлікте қамалып қалған екі жасар ұлды шығарып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Баланы құтқару сәтінің видеосы жедел көмек қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    "Екі жасар бала көлікте қамалып қалып, шыға алмады. Ол қорқып, жылады. Ал ата-анасы не істерін білмеген.

    Біз ол жерге дереу жеттік. Біздің тәжірибелі құтқарушымыз санаулы минутта көліктің есігін ашты. Бала құтқарылып, ата-анасы перзентін құшағына алды", - делінген жедел көмек қызметінің жазбасында.

    Еске салайық, Шымкентте тереңдігі 3 метр болатын шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмаған 20 жастағы жігіт құтқарылған еді. Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оны шұңқырдан шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

    Сондай-ақ Шымкентте құтқарушылар басына "горшок" киіп алып, шеше алмаған екі жасар балаға көмекке келген болатын. Мамандар аспалы құралдардың көмегімен баланың басынан "горшокты" абайлап шешіп алған.

    "Қорқып, жылады": Шымкентте екі жасар бала көлікте қамалып қалған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.