jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Көршісі қалып кеткен": Алматы орталығында пәтер өртенді (видео)

    Пәтер өртенді
    Пәтер өртенді. Видеодан кадр: t.me/newsnurkz

    Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты. Оқиғаның видеосын куәгерлер KAZ.NUR.KZ редакциясына жіберді. Олардың айтуынша, пәтерде әйел болған.

    Куәгерлер жіберген видеода үйдің бесінші қабатының балконында от жанып тұрғанын көруге болады. Төменде куәгерлер жиналған. Ол жерде полиция да бар.

    "Әйел екінші жақта салбырап тұр. Бұл масқара. Екінші пәтер де... неткен қорқынышты, сол жақта көрші қалып кетті деп жатыр", - дейді куәгерлердің бірі.

    Ал Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олар алматылық өртсөндірушілер көпқабатты үйдегі өртті тез арада сөндіріп, өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол бермегенін атап өтті.

    "Алмалы ауданының көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде бесінші қабатта жалпы ауданы 50 ш.м. пәтер мен балкон отқа оранды. Құтқарушылар өртті 18 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр", - деп хабарланды ведомство өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.