Оқыс оқиға

Зектілері

Оралда белгісіз жыртқыш қорада тұрған жүз қойды қырып кеткен (видео)

Жарияланған күні:

Қой
Қой. Көрнекі сурет: pixabay.com

Орал қаласында қорадағы қойды белгісіз жыртқыш қырып кетті. Тағылар бір сағаттың ішінде 100 қойды тамақтап тастаған. Қолына таяқ ұстап қалған мал иесі енді кімнен көмек сұрарын білмей қамығып отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Арна ақпаратынша, Есенгелді Айтмұхамбетов оқиға түнгі сағат үште болғанын айтқан. Бірақ үйіндегі үш иттің ешқайсысы үріп, дыбыс бермеген. Айтуынша, айналада бұралқы ит көп. 20 жыл бойы өсірген малынан бір сағатта айрылып қалдым, деп қамығады шаруа.

"Тамақтарын жұлып, өңешін жұлып, бауыздап кеткен. Тапалған. 150 қойдан 50 қойым қалды. Болды енді, мынаны соя да алмайсың. Тұқымға қалдырмасақ. Қаңғыбас иттер көп", - дейді шаруа Есенгелді Айтмұхамбетов.

Ал шенеуніктер қойға қасқыр шапқанын айтады. Түз тағысын көзімен көрмесе де, қорадағы ізіне, қойға салған жарақатына қарап, осындай тұжырымға келіпті. Бірақ қаланың ортасындағы қораға қасқырдың қайдан тап болғаны белгісіз. Қамаулы қойды қырып кеткен жыртқыштың адамға да зияны тиюі мүмкін. Осыдан қауіптенген әкімдік шет аумақтағы күзетті күшейтуді полицияға тапсырған. 

"Барлығын да кеңірдегінен. Басқа жерінен жарақат алмаған. Тек қана кеңірдектен. Ештемесін жұлмалап, пытырлатып жеген ештемесі жоқ. Тек қана тамақтан алған. Бірінші иттен күдіктеніп едік, онымен иттің кінәсі болмады. Қасқырдың ізіне шейін жатыр айтатын болсақ. Оның ізі иттің ізінен бөлек. Үлкендеу ізі. Ол бір қасқыр ма не екі қасқыр ма, ол белгісіз", - дейді Зашаған кенттік округі әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2177100-oralda-belgisiz-zhyrtqysh-qorada-turgan-zhuz-qoidy-qyryp-ketken/