Әкімдік маңындағы қара түтін Алматы тұрғындарын шошытты (видео)
Жарияланған күні:

Желіде Алматы әкімдігінің жанынан шыққан қара түтін бейнеленген кадрлар пайда болды. Төтенше жағдайлар департаменті трансформаторлық қосалқы станция жанып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желіде жарияланған видеодан кадрлардан қара түтінді көруге болады. "За нами уже выехали" Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Алматы әкімдігінің аумағында өрт шыққан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Желтоқсан, 185/1 мекенжайында трансформаторлық қосалқы станция өртеніп жатыр.
"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер нысанды токтан ажырату және өртті сөндіру шараларын жүргізуде", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, бірнеше адам құтқарылғанын хабарлаған едік. Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі бірінші қабаттағы пәтерде өрт болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2177112-akimdik-mangyndagy-qara-tutin-almaty-turgyndaryn-shoshytty-video/