Қарағанды облысында қоқыс жанып, 20 адам эвакуацияланды
Опубликовано:
Қарағанды облысы Балқаш қаласында өрт сөндірушілер жертөледегі қоқыс жанып, өрт сөндірушілері 20 адамды эвакуациялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Балқаш қаласында, Желтоқсан көшесінде, 4 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жанды.
"Улы газбен дем алудан сақтау мақсатында ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 20 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді", - делінген хабарламада.
Айт кетейік, 22 қазанда желіде Алматы әкімдігінің жанынан шыққан қара түтін бейнеленген кадрлар пайда болды. Төтенше жағдайлар департаменті трансформаторлық қосалқы станция жанып жатқанын мәлімдеген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2177286-qaragandy-oblysynda-qoqys-zhanyp-20-adam-evakuatsiialandy/