jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Жайсыз сезіне бастаған": құтқарушылар лифтте тұрып қалған астаналықтарды шығарып алды

    Құтқарушылар лифтте қалып қойған адамдарға көмектесті
    Құтқарушылар лифтте қалып қойған адамдарға көмектесті. Видеодан кадрр: ТЖМ

    Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келіп, оларды шығарып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 ересек адам лифт ішінде тұрып қалды. Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іштегі әйелге ауа жетпей, өзін жайсыз сезіне бастаған соң 112 нөміріне қоңырау шалды.

    Шақырту орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.

    ТЖМ лифтте тұрып қалған жағдайда келесі ережелерді ұстануға кеңес берді:

    • алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
    • диспетчерге хабарласыңыз;
    • барлық түймені қатарынан баспаңыз;
    • лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз
    • барлық сыртқы байланыс арнасын пайдаланыңыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.