jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Әкімдік өкілдері Алматыда жаңбыр қашан тоқтайтынын айтты

    Әйел қолшатыр ұстап кетіп бара жатыр
    Қолшатыр ұстаған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматыда коммуналдық қызметтер мен арнайы техника болуы мүмкін су тасқынына дайындалып жатыр. Мегаполисте кешеден бері жаңбыр жауып жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматыда 27 қазанда түнгі сағат 3-тен бастап жаңбыр жауа бастады, ол 28 қазан күнгі кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады. Қалада 12 мм жауын-шашын, Каменское платода 23 мм жауын-шашын болды. 28 қазандағы жағдай бойынша Алматыда қазан айында 61 мм түсті, айлық нормасы 50 мм, бұл 122 пайыз", - делінген хабарламада.

    ТЖ-дың жедел кезекшісінің ақпараты бойынша басып қалу фактісі тіркелген жоқ.

    Су басып қалудың алдын алу және жою мақсатында мотопомпалармен, багралармен және басқа да қажетті құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Арық өткелдеріндегі кездейсоқ қоқыстардың барлық кептелістері 15-20 минут ішінде жойылады.

    470 арнайы техника мен 1020 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2,1 мың қап құм дайындалды.

    Әкімдік өкілдері Алматыда жаңбыр қашан тоқтайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.