jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Тал түсте үйімнің терезесін сындырып кірмек болды": Ұзынағаштағы оқиғаға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр

    сынған терезе
    Сынған терезе. Көрнекі фото: pixabay.com

    30 қазанда тал түсте белгісіз біреулер Алматы облысы Ұзынағаш ауылы тұрғынының үйіне терезесін сындырып кірмек болған. Сондай-ақ тұрғын ауласында тұрған көлігі де бүлінгенін видео арқылы көрсетті. Облыстық полиция департаментіндегілер бұл факт аудандық полицияда тіркелгенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аталған видео Instagram-дағы abdulla_kz_kz парақшасында жария болды. Бейнежазбада әлдекімдердің терезені шағып ішке енбек болған кезі түсірілген. Автор ұрыларды танитынын айтқан.

    "Алматы облысы Ұзынағаш ауылында ұрылар тал түсте ауламда тұрған көлігімді тонап, үйімнің терезесін сындырып кірмекші болды. Мен ол ұры жігіттерді танимын, олардың мықты жерлерде істейтін көкелері бар, бұрындары да осындай әрекеттерімен ұсталған", - дейді автор.

    Үй иесі өлтіріп кете ме деп қорыққанын да айтады. Видео авторы полицияға шағымданған.

    "Видеода үйге кіріп келе жатқанда жарықты ертерек жаққаным – оларды танып қойсаң, пышақтап кетуі мүмкін, олар қарумен жүреді, өлтіріп кете ме деп қорықтық", - дейді үй иесі.

    Алматы облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

    "Бұл факт Жамбыл аудандық полициясында тіркелді. Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.