jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    "Басып қала жаздады": әлеуметтік желідегі видеодан кейін Астанадағы аялдамалар тексеріледі

    Аялдама
    Аялдама. Видеодан кадр: tiktok.com/@alanakss22

    Астанада қатты жел салдарынан аялдама қисайған. Бұл кезде жақын жерде адамдар болған. Нұра ауданының әкімдігі желіде пайда болған кадрларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тиісті видеоны Астана тұрғыны TikTok желісінде жариялады. Оның айтуынша, қатты жел салдарынан аялдама оның туыстарына құлап кете жаздады.

    "Бізді аялдама басып қала жаздады", - деп жазды ол.

    Бұған қатысты NUR.KZ тілшісіне Нұра ауданының әкімдігі пікір білдірді.

    "Сығанақ көшесіндегі аялдамадағы дәнекерлеу тігістері үзіліп қалды. Аялдама осы жазда орнатылды. Қазіргі уақытта ескерту лентасымен қоршау жұмыстары жүргізілуде. Күні бойы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

    Сондай-ақ осындай ақауларды анықтау үшін барлық аялдама павильондары тексерілетінін хабарлаймыз. Анықталған жағдайда мердігердің командасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - делінген жауапта.

    "Басып қала жаздады": әлеуметтік желідегі видеодан кейін Астанадағы аялдамалар тексеріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.