jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    "Тасжолда қалып қойған": Ақтөбе облысында автобустан шетелдіктер эвакуацияланды

    Тасжол
    Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысында кеше, 4 қараша күні шетелдіктер мінген автобус істен шықты. Жолаушыларға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облысы "Самара-Шымкент" тас жолында Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы бар автобус сынып жолда қалды.

    Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.

    Қиын сәтте көмекке Қазақстан ТЖМ құтқарушылары келді.

    Еске салсақ, бұған дейін желіде Семейдегі сауда орталығының маңында жолаушылар автобустарының үстіне металл конструкция құлағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

    Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 12.15-те "102" арнасына орталық автовокзал аумағында болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

    "Тасжолда қалып қойған": Ақтөбе облысында автобустан шетелдіктер эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.