jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Желіде Талғардағы жер сілкінген сәттің видеолары жарияланды

    Жер сілкінісі. Фото
    Жер сілкінісі. Фото: Petrovich9/Getty Images

    Бүгін таңертең Алматы мен Алматы облысында жер сілкінді. Талғар ауданында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Куәгерлер жер сілкінісі кезінде не жағдай болғанын, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қалай әрекет еткенін көрсетті. Кадрлар Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жариялады.

    Жер сілкінген сәт бейнебақылау камераларына да түсіп қалған: жер сілкінісінен құрал-жабдықтар дірілдеп, гуіл де естілген. Камералардың біріне иттің жер сілкінісінен қалай қорқып кеткені түсіп қалған.

    Айта кетейік, жарияланған видеоларда дауыс зорайтқыштар арқылы жергілікті тұрғындардың оқиға туралы хабардар болып жатқанын естуге болады.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жер сілкінгені туралы хабарлаған едік.

    Кейіннен ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керек екенін айтты.

    Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында жер асты дүмпуінің сезілуіне қатысты мәлімет жариялады.

    Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.

    ТЖМ ақпаратынша, Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

    Желіде Талғардағы жер сілкінген сәттің видеолары жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.