Оқыс оқиға

Зектілері

Қостанай облысында қазандықта жарылыс болды (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖД

Қостанай облысының Амангелді ауылында Мәдениет үйінің жеке қазандығы аумағында қазандық жарылып, артынша ғимарат опырылып құлаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар депратаменті хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құтқарушылар үйінді астынан 1969 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта басқа адамдар болмаған", - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында мектеп қабырғасы опырылғаны туралы хабарлаған едік.

Бұл мектепте 300-ден астам оқушы білім алады. Абырой болғанда, мектептің 3-қабаттағы қабырғасының бір бөлігі сенбіде қирап қалған. Бұл күні оқушылар демалыста болды.

Қостанай облыстық әкімдігі қоғамдық басқару басқармасының мәліметінше, мектепте балалар мен мұғалімдер болған жоқ, зардап шеккендер жоқ. Жергілікті жерде комиссия жұмыс істеп жатыр, қысқа мерзімде техникалық тексеру жүргізіліп, қорытынды шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2183918-qostanai-oblysynda-qazandyqta-zharylys-boldy/