Қостанай облысында қазандықтағы жарылыстың мән-жайы белгілі болды
Жарияланған күні:

Қостанай облысының Амангелді ауылында қазандық жарылып, салдарынан ер адам зардап шекті. Әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Костанайские новости".
Басылымның мәліметінше, №2 қазандық 2022 жылы орнатылып, екі қабатты үш тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды (сот, мұражай, мәдениет үйі) жылу энергиясымен қамтамасыз еткен.
"Жылу беруді қалпына келтіру үшін бір жарым күн ішінде орнатуға дайын контейнерлік блокты-модульдік қазандық пайдалануға беріледі.
Қалпына келтіру жұмыстары кезінде қазандыққа қосылған үйлердің тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданады. Электр қуаты өшіп жатқан жоқ", - делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ, зардап шеккен 1969 жылы туған азамат Амангелді аудандық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.
Емдеу шараларын реттеп, науқасты Арқалық қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізу мәселесін шешу үшін санитарлық авиация қызметі арқылы ауданға анестезиологтар бригадасы жіберілді.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысының Амангелді ауылында Мәдениет үйінің жеке қазандығы аумағында қазандық жарылып, артынша ғимарат опырылып құлағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2184032-qostanai-oblysynda-qazandyqtagy-zharylystyng-man-zhaiy-belgili-boldy/