jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтауда қатты жаңбырдан кейін көшелерді су басты (фото)

    Су басқан көше
    Су басқан көше: instagram.com/aktau_akimdigi

    Ақтауды қатты жаңбырдан кейін су басты. Қала көшелерінде жауған жаңбырдың салдарын коммуналдық қызмет бригадалары жоюда, деп хабарлайды Ақтау әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қала әкімдігінің ақпаратынша, Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізді.

    Қазір қаланың бірнеше ықшамауданында су тарту жұмыстары жүргізілуде.

    "Бұл жұмыстарға 3 жауапты шебер, 21 жол жұмысшы, 4 жүргізуші, 1 бойлер 3 газель және 6 мотопомпа жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 350 м3 су алынды. Су алу жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 5 қарашада Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлап, бірнеше адам жарақат алып, аруханаға жеткізілгенін жазған едік.

    Сондай-ақ 6 қарашада Маңғыстау облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқытылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.