jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада бірнеше тұрғын үй кешенінде уақытша жылу мен ыстық су болмайды

    Астана
    Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астананың сол жағалауындағы 16 үйде ыстық су тоқтатылады. Жылу желілерінде ақау анықталды, ертең қалпына келтіріледі, деп хабарлайды "Астана-Теплотразит" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Жылу желілерін тексеру барысында Түркістан көшесі, 8-үйге жақын жердегі 2Ду300 жылу блогында ақау анықталды.

    Осыған байланысты 8 қазанда сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін дөңгелек кранды ауыстыру үшін ыстық суды уақытша тоқтату жоспарланып отыр. Апаттық жағдай болмады. Мына үйлерде жылу мен ыстық су уақытша тоқтатылады: Түркістан көшесінде – 11 үй, Алматы көшесінде – 3 үй, Мәңгілік Ел көшесінде – 2 үй", - делінген коммуналдық кәсіпорынның хабарламасында.

    Компания өкілдерінің сөзінше, бұл шаралар үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолға алынбақ.

    Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазған едік.

    Сондай-ақ Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер тағы да кешіктірілгені мәлім болды.

    Ауа райына байланысты 7 қарашада Астанада мектеп оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.

    Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатты жел салдарынан жарақат алған 140-тан астам адам травматологиялық пункттерге түскенін хабарлаған еді.

    Астанада бірнеше тұрғын үй кешенінде уақытша жылу мен ыстық су болмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.