jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында көліктер тиелген автотасығыш өртке оранды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: ТЖМ

    Жамбыл облысындағы тасжолда өрт болды. Көліктер тиелген тасымалдаушы өртенді. Құтқарушылар 4 көлікті өрттен сақтап қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысының Жуалы ауданы аумағындағы "Алматы-Ташкент" республикалық маңызы бар тасжолда 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыш өртенген.

    "Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 4 жеңіл автокөлікке өрт тиген жоқ. Өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бірер күн бұрын Алматы облысында әскери қызметкер жанып жатқан үйден көршілерін құтқарып қалды.

    Сондай-ақ қараша айының басында Жамбыл облысындағы Шу қаласында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртеніп жатқан көлікті сөндіргенін жазған едік.

    Жамбыл облысында көліктер тиелген автотасығыш өртке оранды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.