jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда қар жауып, жолдарда 11 балдық кептеліс пайда болды (видео)

    Кептеліс кезінде жолдан өтіп бара жатқан жолаушылар
    Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда бүгін, 8 қарашада кешке ауа райы бұзылып, қар жауды. Ауа райының қолайсыздығынан жолдарда қатты кептеліс пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2 ГИС" деректері бойынша қазіргі уақытта Алматыда 11 балдық көлік кептелісі байқалады.

    Алматыдағы кептеліс
    Алматыдағы кептеліс. Скриншот: 2gis.kz

    "Қараша қайдағы қар", "Ой, қар жауып тұр", "Сұмдық кептеліс", "Жүргізушілерге сабыр берсін", - дейді көлік жүргізушілері.

    Әлеуметтік желіде алматылықтар жолдағы жағдайды түсірген кадрлармен бөлісуде. Такси бағасы да күрт өсті.

    Такси бағасы
    Такси бағасы. Скриншот: ЯндексGO

    Айта кетейік, бүгін Алматыда қар және жаңбыр жауатынын хабарлаған болатынбыз. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с болмақ.

    Еске салсақ, бұған дейін Астана тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы тағы да ескерту жасалғаны туралы жазған едік. Қалада қарлы боран соғып, жел күшейеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.