jitsu gif

Құтқарушылар астаналықтарға тағы да қатты жел соғатыны туралы ескерту жасады

Қатты жел
Қатты жел. Көрнекі сурет: Chalabala/Getty Images

Астана тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы тағы да ескерту жасалды. Қалада қарлы боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астана қаласында 9 қарашада күндіз бұрқасын күтіледі.

10 қарашада қатты қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 9 қараша таңертең және күндіз боран соғады, 10 қарашада екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с жел күтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығы байқалуда – 6 қарашада қалада қатты жел тұрып, соның салдарынан аялдама аударылып қалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер тағы да кешіктірілгені мәлім болды.

Ауа райына байланысты 7 қарашада Астанада мектеп оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.