jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысында жас жігіт гүлзарға зақым келтіргені үшін 10 тәулікке қамауға алынды (видео)

    Қолы кісенделген ер адам
    Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны гүлзарға зақым келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ аймақ әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қонаев қаласының полицейлері 11 қарашаға қараған түні қала орталығындағы гүлзарды бұзақылықпен бүлдіріп кеткен 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

    "Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жас жігітке қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды, сонымен қатар келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, бұған дейін елордада тұрғын үйдің лифт тақтасын тепкен тұрғын жазаланғаны туралы хабарлаған едік.

    Полицияға қала тұрғыны өтініш білдіріп, тұрғын үй кешенінің кіреберісінде тұрған белгісіз ер адам үй мүлкін бүлдіргенін, салдарынан лифт істен шыққанын хабарлаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.