jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда әкімдік қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды

    Ғимарат ішіндегі апат кезінде шығатын жол көрсетілген белгі
    Ғимарат іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 12 қарашада түскі уақыт шамасында Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында электр желісі тұйықталып, қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы Ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоңырау 23:46-да түскен. Оқиға орнына жеке құрамнан 20 адам мен бес техникадан тұратын өрт сөндіру қызметі жеткен.

    Өрт сөндірушілер ғимараттың жертөлесінде қысқа тұйықталу болғанын, бірақ өрт шықпағанын анықтады.

    Алайда әкімдік қызметкерлері ғимараттан өз бетінше эвакуацияланған. Ведомствоның баспасөз қызметі ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

    Айта кетейік, бұған дейін Көкшетаудағы ағаш шеберханаларының бірінде өрт шыққанын жазған едік. Төтеншеліктер пеш жағу бөлмесінің өртенгенін анықтады.

    Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 26 минут ішінде 10 ш.м. алаңда өртті сөндіріп әрі қарай таралуына жол бермеді.

    Автор: Динар Мұрат

    Қарағандыда әкімдік қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.