jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты: көлік өртеніп, жасөспірім зардап шекті

    Өрт
    Өрт. Фото: ТЖМ

    15 қарашаға қараған түні Шымкентте техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түнде Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты.

    "Өрт сөндіру есептоптары отпен қамтылған ғимараттан 50 литрлік газ баллонын жедел шығарып, өртті 70 шаршы метр алаңда сөндірді. 1 жеңіл көлік және 3 мотоцикл өртке оранған", - делінген хабарламада.

    Өртті өздігінен сөндіруге тырысқан 2007 жылы туған жас жігіттің қолын күйік шалып, ол медициналық көмекке жүгінді.

    Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысы Шиелі ауылында 14 қараша түнде жарылыс болып, өрт шыққанын хабарлаған едік. Төтенше жағдай салдарынан жанар-жағармай бекетінің қызметкері ауыр зардап шекті. Ол орташа ауырлық дәрежесінде ауруханаға жатқызылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.