Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда жол-көлік апаты болып, 300-ден астам тұрғын үй ыстық сусыз және жарықсыз қалды (фото)

Жарияланған күні:

Бір-біріне соғылған жеңіл кқлік пен жүк көлігі
Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Алматыда 16 қарашаға қараған түні жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 323 тұрғын үй мен 37 көпқабатты үй жарықсыз және ыстық сусыз қалды. Бұл жөнінде Zakon.kz желілік басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Латифа Хамиди көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Grandeur көлігіне Жүргенов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Wuling Hongguang жүк көлігі соғылған.

Апатқа ұшыраған жеңіл көлік
Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Жол қиылысында, ережеге сәйкес, жүк көлігі жеңіл көлікке жол беруі керек болған, алайда жол бермеген. Осы сәтте жеңіл көлік жүргізушісі өзара соқтығысудан қашпақ болған.

Салдарынан Hyundai көлігі Жүргенов көшесіне шығып кетсе, жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолы арқылы жолдан шығып кетіп, газ құбырына соғылған.

Газ құбырына соғылған жүк көлігі
Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Магистральдық желінің үзілуі салдарынан ауданда газ беру тоқтатылды.

Жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алған. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ал Hyundai жүргізушісі мен жолаушысына оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2188259-almatyda-kolik-apaty-saldarynan-300-den-astam-turgyn-ui-ystyq-susyz-zhane-zharyqsyz-qaldy-foto/