jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, бір адам қаза тапты (видео)

    Вильнюстегі ұшақ апатынан кейінгі тұрғын үй өрті
    Тұрғын үй өрті. Фото: t.me/rudelfi

    Литваның Вильнюс қаласында жүк ұшағы екі қабатты тұрғын үйдің үстіне құлап, өрт шықты. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тауып, екеуі жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Delfi.lt сайтының ақпаратына сәйкес, полицияның хабарлауынша, сағат 5:31-де Вильнюстің Жирню көшесінде жүк ұшағы апатқа ұшырағаны туралы хабарлама түскен. Ұшақта төрт адам болған: екі ұшқыш пен екі қызметкер.

    Өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының жағдайды үйлестіру бөлімі өкілі мәліметінше, ұшақ екі қабатты тұрғын үйдің үстіне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, жолдың оқиға орнына іргелес жатқан бөлігі жабылған.

    Telegram-дағы BAZA арнасы таратқан алдын ала мәлімет бойынша, үйде тұратын адамдар зардап шекпеген.

    РБК апат салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

    Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аман қалғандардың бірі – ұшақтың ұшқышы.

    Telegram-дағы SHOT арнасындағы мәлімет бойынша, ұшақ испаниялық Swiftair әуе компаниясына тиесілі және DHL атынан ұшқан.

    Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, бір адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.