jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада үш қабатты жатақханадан өрт шықты

    Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Елордалық өрт сөндірушілер 250 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толығымен сөндірді. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, Алматы ауданының Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер жанған.

    Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шыққан. Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.

    "30 қарашада 101 пультіне сағат 17:52-де Алматы ауданы Бұқтырма көшесі, 32 мекенжайында орналасқан үш қабатты жатақхана шатыры өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Шақыру орнына бірінші бөлімше 6 минутта келіп жетті.

    Келіп жеткенде жатақхана төбесі өртеніп жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге 15 техника, 65 жеке құрам жұмылдырылды. Өрт сағат 19:21-де оқшауланды. Сағат 20:27-де өрт сөндірілді. Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыды", - деді Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Мауленбердиев.

    Сонымен қатар ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті.

    Астанада үш қабатты жатақханадан өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.