jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қазақстанның оңтүстігінде тасжолда жолаушылар автобусы аударылды

    Жамбыл облысында автобус аударылып, құтқарушылар көмекке келді
    Жамбыл облысында автобус аударылып, құтқарушылар көмекке келді. Фото: ТЖМ

    Жамбыл облысы Шу ауданында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Құтқарушылар 9 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, 6 желтоқсанда 112 пультіне Жамбыл облысы Шу ауданы "Алматы-Ташкент" автожолының 245 шақырымында жолаушылар автобусы аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетіп 9 адамды жақын маңдағы дәмханаға эвакуациялады.

    Ведомство өкілдері олар медициналық көмекке мұқтаж болмағанын айтты.

    Еске салайық, Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус істен шықты. Жолаушыларға құтқарушылар көмекке келгенін жазған едік.

    Сондай-ақ Қарағанды ​​облысында полицейлер ішінде 55 адамы бар бұзылған қалааралық автобустың жолаушылары мен жүргізушісіне көмек көрсеткен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.