jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды (видео)

    Құтқарушы баланы көтеріп барады
    Петропавлдағы тұрғын үйдегі өрт. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Петропавл қаласында екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, олардың арасында 3 бала бар. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 15 адамды эвакуациялаған.

    "Петропавл қаласында екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен үй заттары жанды. ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің  таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.

    ТЖМ күштері 8 ш.м алаңдағы өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

    Айта кетейік, жақында елордада "Манхэттен" тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, 16 адам құтқарылып, эвакуцияланды.

    Петропавлда екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.