jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында жол бойында 8 көлік тиеген жүк көлігі өртенді (видео)

    Автотасығыш
    Автотасығыш. Видеолан кадр: Telegram/ҚР ТЖМ

    Жамбыл облысында ТЖМ қызметкерлері көліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс жағдай Жамбыл ауданында республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент" автожолының 531 шақырымында орын алған. Белгілі болғандай, 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыштың артқы дөңгелектері жанған.

    ТЖМ күштері өртті жедел түрде сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртің шығу себебі анықталуда. Жүргізуші құтқарушылар келгенге дейін үш жеңіл көлікті автотасығыштан түсіріп үлгерді.

    Ведомство өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.

    Жамбыл облысында жол бойында 8 көлік тиеген жүк көлігі өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.