jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысында бір жасар бала дәліз құдығына түсіп кетті (видео)

    Құтқару операциясы
    Құтқару операциясы. Видеодан кадр: Telegram/ҚР ТЖМ

    Алматы облысында ТЖМ қызметкерлері ерекше құтқару операциясын өткізді. Олар дәліз құдығына түсіп кеткен екі баланы құтқарған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында болған.

    Жеке тұрғын үйдің аумағында бір жасар бала терендігі екі метр дәліз құдығына түсіп кеткен. Оны көріп көмекке асыққан сегіз жасар әпкесі де құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Ата-анасы құтқарушылардан көмек сұраған.

    ТЖМ қызмкерлері шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанының көмегімен құдықтан балаларды құтқарды. Балалар зардап шеккен жоқ.

    ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.