jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында жер сілкінді

    Жер сілкінісі. Фото
    Жер сілкінісі. Фото: Petrovich9/Getty Images

    Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 8:24-те жер сілкінісі тіркелді.

    Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан.

    Жер сілкінісі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылында 2 балл болып сезлген.

    Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

    Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
    2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
    3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
    4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
    8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
    Түркістан облысында жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.