jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда түнде екі дүкен өртенді (видео)

    Өрт болған жер
    Өрт болған жер. Фото: ТЖМ

    10 желтоқсанға қараған түні Қостанайда сауда қатарында өрт шығып, екі дүкеннің шатыры өртенді. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Қостанайда Складская көшесіндегі сауда қатарында екі дүкеннің шатыры жанып, павильондардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты басқа дүкендерге өрт таралу қаупі төнген.

    Жақын тұрған сауда нүктелерін оқпандармен салқындата отырып, өрт сөндірушілер өртті жойып, кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды.

    Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Еске салайық, өрт сөндірушілер Ақтөбедегі сауда ғимаратындағы өртті сөндіргенін хабарлаған едік.

    Сонымен қатар Қостанайда көлік құрастыру зауытынан өрт шыққан болатын.

    Қараша айының басында Көкшетаудағы ағаш шеберханаларының бірінде шыққан өрт сөндірілді. Пеш жағу бөлмесінің өртенгені анықталды.

    Қостанайда түнде екі дүкен өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.