jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй жарықсыз қалды

    Астанада жарық өшті
    Астанада жарық өшті. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

    Бүгін, 13 желтоқсанда Астананың сол жағалауында орналасқан бірқатар тұрғын үй жарықсыз қалды. "Астана АЭК" оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Астана АЭК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін "Шұбар" қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілген. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болды. 

    "4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстырулар жүргізіліп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - делінген ресми хабарламада.

    Zakon.kz басылымының хабарлауынша, жарықсыз қалған ғимараттар:

    • "Арайлым" тұрғын үй кешені;
    • "Премиум" тұрғын үй кешені;
    • "Новый мир" тұрғын үй кешені;
    • "Нұрсая" тұрғын үй кешені;
    • "Парковый" тұрғын үй кешені;
    • Қонаев 7, 31 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттар.

    Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй жарықсыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.