Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді
Жарияланған күні:

Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді, өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Алматы қаласының Алатау ауданында Солтүстік айналма тас жолында орналасқан бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты.
4 жеңіл автокөлігі бар бокстардың бірі жанып, станцияның басқа бокстарына өрттің таралу қаупі төнді.
Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде оқпандарды басқа бокстарды қорғауға және жанып жатқан боксты сөндіруге бере отырып, өртті 220 шаршы метр алаңда тоқтатты.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2200520-almatyda-tehnikalyq-qyzmet-korsetu-stantsiiasy-ortendi/