jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді (видео)

    Жүк көлігі
    Жүк көлігі. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 14 желтоқсанда Алматы — Өскемен тасжолының 938-шақырымында желдің қатты екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберген.

    Оқиға орнына дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаның басты себебі — қолайсыз ауа райы.

    Осы ретте полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды.

    Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.