Жетісу облысында жолаушылары бар көлік қар құрсауында қалып қойды
Опубликовано:
Жетісу облысында жолаушылары бар көлік қар құрсауында қалып қойды. ТЖМ өкілдері алты адамды эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 112KZ Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Жетісу облысы Алакөл ауданы Көктұма станциясының жанында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
"Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары вахтовканың көмегімен Ақши ауылына 6 адамды эвакуациялаған. Олар медициналық көмек мұқтаж болмаған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда ауа райы күрт бұзылып, бірқатар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ал Қарағанды обылсында мыңнан аса көлік жолда қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2200731-zhetisu-oblysynda-zholaushylary-bar-kolik-qar-qursauynda-qalyp-qoidy/