jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

    Сейсмограф
    Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    15 желтоқсанда түнде Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 15 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 23:23-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 с.е. 76.910 ш.б.

    Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.

    Сезілуі туралы мәліметтер:

    • Қонаев қаласында 3 балл.
    • Алатау қаласында (Жетіген) 2 балл.
    • Күрті ауылында 2 балл.

    "Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

    Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

    Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

    Алматы облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.