jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Аягөзде тұрғындар жарықсыз қалды: облыстық әкімдік өкілдері мәлімдеме жасады

    Аягөздегі электр станциясындағы өртті сөндіру
    Аягөздегі электр станциясындағы өртті сөндіру. Сурет: Аягөз ауданы әкімдігі

    19 желтоқсанға қараған түні Абай облысы Аягөз ауданында электр жабдықтау станциясынан өрт шықты. Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілгенімен, Аягөз қаласы мен бірнеше ауыл жарықсыз қалған. Абай облысы әкімдігі өкілдері осы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "18 желтоқсанда сағат 23.30-да Аягөз ауданының 101 төтенше жағдай арнасына "Біріккен энергосервистік компаниясы" АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

    Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, өрт сөндіру жұмыстарына 4 АЦ өрт сөндіру көлігі, 15 қызметкер жұмылдырылған.

    "Сағат 23:59-да өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Қалпына келтіру жұмыстары нәтижесінде Мамырсу ауылдық округі және Аягөз қаласынан басқа барлық ауылдық округ электр энергиясымен толығымен қамтамасыз етілді", - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

    Әкімдіктегілер қала бойынша бірінші кезекте орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу жұмыстары қолға алынғанын, бесеуі іске қосылғанын, тағы бір қазандық бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Ақауды қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылған.

    Аягөзде тұрғындар жарықсыз қалды: облыстық әкімдік өкілдері мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.