jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Орал қаласында жолаушы автобусы өртенді

    Орал қаласында өртенген автобус
    Орал қаласында өртенген автобус. Фото: t.me/qr_tjm

    22 желтоқсан, жексенбі күні Орал қаласында жолаушы автобус өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ресми телеграм-арнасында жарияланған мәліметке қарағанда, Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі бойынша жолаушы автобусының моторы өртенді. Құтқарушылар от шалған көлікті сөндірген.

    Министрлік мәліметінше, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жолаушы автобусы моторының өртену себебі анықталып жатыр.

    Қазақстанда жолаушы көліктері жиі өртенеді. Мәселен, жақында ғана Астана қаласында жол үстінде бір автобус өртенген. Содан бірнеше күн бұрын астанадағы Министрліктер үйінің маңында қалалық автобусты от шалғанын жазғанбыз.

    Орал қаласында жолаушы автобусы өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.