Павлодарда жол апаты салдарынан көшені су басты (видео)
Жарияланған күні:

22 желтоқсанда Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан құбыр жарылып, қала көшелерінің бірі су астында қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Павлодар қаласының Назарбаев даңғылында болған оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар Instagram желісіндеге парақшаларда жарияланды.
Сонымен _vpavlo парақшасының мәліметінше, апат сағат 22:30 шамасында тіркелген.
Видеода сынған құбырдан су төгіліп жатқанын көруге болады. Постқа түсініктемеде Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі апат сағат 22:30-да болғанын, салдарынан айналма су құбыры зақымдалғанын хабарлады.
"Жол апаты салдарынан айналма су құбыры зақымданды. Қазіргі уақытта аумақта су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, одан кейін қалпына келтіру шаралары қолға алынады. Назарбаев даңғылы, 20/1 мекенжайындағы үйде су қысымы төмендеді. Арнайы қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр", - деп хабарлады әкімдік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2203449-pavlodarda-zhol-apaty-saldarynan-kosheni-su-basty-video/