jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    "Екі қыз есінен танып қалған": Қостанайда сырғанақ тепкен бірнеше бала жарақат алды

    Мұз
    Мұз. Көрнекі фото: freepik.com

    Қостанайда жексенбі, 22 желтоқсанда алты бала сырғанау кезінде түрлі жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қостанай қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, кеше қала орталығындағы сырғанақ тепкен алты бала түрлі жарақат алып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды.

    Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жарақат алған екі қыз есінен танып қалған. Олар дәрігерлер келгенше, бірнеше сағат бойы ес-түссіз болған.

    "Құрметті ата-аналар, мұз сырғанақтар көңіл көтеретін орын ғана емес, қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда аса қауіпті нысан екенін ұмытпаңыздар.

    Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен сіздің жауапкершілікте", - делінген жедел жәрдем қызметінің хабарламасында.

    "Екі қыз есінен танып қалған": Қостанайда сырғанақ тепкен бірнеше бала жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.