Қостанайда бірнеше бала сырғанақтан құлап, жарақат алды: жағдайға облыс әкімі пікір білдірді
Жарияланған күні:

Қостанайда сырғанау кезінде балалар құлап, түрлі жарақат алған болатын. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап берген облыс әкімі Құмар Ақсақалов тексеріс жүргізілетін айтты.
Портал тілшісі Қостанайда сырғанақтан бірнеше бала жарақат алғанын, екі қыз есінен танып қалғанын айтты. Осы ретте тілші ол жерде құтқарушылар болған-болмағанын сұрады. Сонымен қатар әкімге жалпы Қостанайда қанша қысқы сырғанақ бар екені, оларды салуға қанша қаражат бөлінгені туралы сұрақ қойылды.
"Кешегі болған оқиға туралы оқыдым. Екі қыз бала ауруханаға түскенін де естідім. Таңертең оқиға орнын барып көруге қала әкіміне тиісті тапсырма берілді. Сырғанақты салу кезінде қауіпсіздік талаптары ескерілген бе, осыны тексеру қажет", - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ ол Қостанайдағы сырғанақтарды салуға бюджеттен ешқандай қаражат бөлінбегенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда сырғанау кезінде алты бала түрлі жарақат алғанын жазған едік. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жарақат алған екі қыз есінен танып қалған. Олар дәрігерлер келгенше, бірнеше сағат бойы ес-түссіз болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2203637-syrganaqtan-qulagan-balalarga-qatysty-qostanai-oblysynyng-akimi-tusinik-berdi/